Автобекет туралы

«Семей-Автовокзал» ЖШС қаланың ортасында орналасқан. Автовокзал 1966 жылы салынған, оның бірден үшке дейінгі қабаттан тұратын құрылысы бар, олар 1966-2013 жылдары көтерілген. Нысанның жалпы ауданы – 1 677,5 шаршы метр, 0,6103 га. Күн сайын 2000 жуық жолаушы жол жүреді, сонымен қатар күн сайын Астана, Алматы, Қарағанды және т.б. қалаларға, сонымен қатар Ресейдің Омск, Рубцовск және т.б. қалаларына баратын 70-тен аса рейске қызмет көрсетіледі. Кассаларда автобус жүргенге дейін 30 күн бұрын алдын ала билеттер сатылымы, билеттерді телефон арқылы брондау жүргізіледі. Технологиялық үрдіс толықтай компьютермен жабдықталған. Нормативтік құжаттардың барлық талаптарына жауап беретін инфрақұрылымға ие бола отырып, автовокзал жолаушыларды барлық қажеттімен қамамасыз етеді. Автовокзал ғимаратында және оның аумағында жолаушылар үшін барлық мәдени-тұрмыстық жағдай жасалған.

  • күту залы, сыйымдылығы – 125 адам;
  • кассалық зал – 4 касса, 1 темір жол кассасы;
  • рентген телевизиялық құрылғылар, аркалық металл детектор, қол металл детектор бар;
  • сақтау камерасы;
  • ыстық тамақтану кафесі;
  • стационарлық медициналық пункт;
  • кітап және газет дүңгіршектері;
  • банкомат;
  • ұялы байланыс балансын толтыруға арналған терминал;
  • жүргізушілердің демалу бөлмесі;
  • ана мен бала бөлмесі, сонымен қатар демалу бөлмесі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған гигиеналық бөлме бар;
  • қоғамдық тәртіпті күзету пункті;
  • санитарлық торап;
  • жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін жайластырылған платформа;
  • автобус тұратын алаң, автовокзал автобустарын тұрғызуға арналған алаңның сыйымдылығы – 4200 м 2 .
  • диспетчерлік пункт;
  • бейнабақылау жүйесі бар.

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.