Электронды билет

Автобустың электронды билеті – бұл дәстүрлі қағаз билеттің орнына ұсынылатын автобус билетінің электронды формасы. Электронды билетке арнайы бланк керек емес – барлық ақпарат автовокзал компьютерлерінде сақталады және сіздің атыңыз бен жеке куәлігіңіздің нөміріне сәйкес болады. Осылайша, автовокзалға келгенде, Сіз тек автовокзал қызметкеріне жеке куәлігіңізді көрсетіп, жүкті рәсімдеп, отырғызуға өте аласыз.


Артықшылықтары

Электронды билеттің негізгі артықшылықтары: оған компьютерден тұрмай, күннің кез-келген уақытында және ғаламторға қосылған әлемнің кез-келген нүктесінен қол жеткізуге болады. Сондықтан да өз демалысыңызды бірнеше ай бұрын жоспарлап, өзіңізді автобус билетімен қамтамасыз ете аласыз. Автовокзал кассасына дейінгі жолға уақытыңыз бен ақшаңызды жоюдың, оның жұмыс уақытын есерудің (автобусқа билетті кез-келген уақытта – күніне 24 сағат, аптасына 7 күн онлайн сатып алуға болады), кезекте тұрудың қажеті жоқ. Тек қана http://avtovokzalsemey.kz/ сайтына кіріп, маршрут, рейс, тарив және төлемді таңдауға бірнеше минутыңызды бөлсеңіз болды.

Ғаламтор арқылы қағаз билеттерді де сатып алуға болады. Бірақ оны алу үшін автовокзал немесе туристік агенттіктің кассасына бару қажет. Бұл әрдайым ыңғайлы бола бермейді, ал егер электронды билет алсаңыз, осының бәрі қажет болмайды.

Төлем бірден жүзеге асырылады. Демек, қаншалықты аз қалса да, қажетті орыннан айырылып қалу қауіпі жоқ. Мынадай нұсқа да болуы мүмкін: сіз тек билетті брондайсыз және оны төлеу үшін бірнеше уақыт аласыз. Мысалы, үш сағат. Осы уақыт аралығында сіздің орныңыз сізге тіркеліп тұрады. Ал егер берілген уақытта төлемесеңіз, тапсырыс автоматты түрде жоғалады.

Төлем жүзеге асырылысымен – билет сіздікі. Және ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Сіздің сапарыңыз туралы барлық ақпарат заманауй компьютерлік технологиялар арқылы сенімді қорғалған. Оған қоса, қағаз билеттегі секілді электронды билетті жоғалтып алу немесе бүлдіру қауіпі де жоқ.


Электронды билетті қайтару

Автобустың электронды билетін қайта тапсыруға болады. Және ол үшін кейбір жағдайларда кассаға барудың қажеті жоқ. Ақшаңызды билетке төлеген есепшотқа, сол валюта бойынша қайтарады. Бұл туралы толығырақ «Билетті қайтару және ауыстыру» бөлімінде.


Маршрут-квитанция

Төлем расталғаннан кейін сізге маршрут-квитанцияны шығарып алуға (электронды билет) мүмкіндік туады. Бұны жеке кабинетке кіру арқылы кез-келген уақытта жүзеге асыруға болады. Сақтау уақыты өткеннен кейін маршрут-квитанция арнайы архивке ауыстырылады және көп жағдайда қайта қалпына келтірілмейді.

Маршрут-квитанция – бұл автобустың жол жүру билеті емес, тек сіздің сатып алғаныңыздың дәлелі. Ең бастысы – ондағы сіздің электронды билетіңіздің бірегей нөмірі.Осы нөмір электронды мекен-жайға немесе смс арқылы жіберіледі.

Маршрут-квитанцияны өзіндік шпаргалка ретінде қолдану ыңғайлы: онда сіздің рейстің күні, уақыты, нөмірі (немесе егер бір тапсырыста бірнеше рейс болса, маршрут бойынша барлық рейстердің) және басқа да маңызды ақпараттар болады. Сондықтан да егер бір нәрсені ұмытсаңыз не шатыстырсаңыз, үнемі тексеруге болады. Егер маршрут-квитанцияны шығарып алмасаңыз, біздің сайттағы жеке кабинетіңізге кіріңіз.

Назар аударыңыз: жеке және төлқұжат мәліметтерін ендірген кезде мұқият болыңыз: төленгеннен кейін өздігінен қателерді түзету мүмкін болмайды. Ондай билетті сіз ауыстыра да, тапсыра да және қайта рәсімдей де алмайсыз. Автовокзал кассасынан алу үшін билетті брондасаңыз, сатып алушының тегі мен атын көрсетіңіз, ол үшін тегінің қасына маркер қойыңыз.

Сонымен қатар байланыс үшін байланысу ақпараттарын да ендіріңіз: сізге маршрут-квитанцияны жіберетін (бұл туралы «Электронды билет» бөлімінен біле аласыз) электронды пошта мекен-жайы, сізбен байланысуға болатын телефон нөмірі. Бұл сіздің тапсырысыңызды нақтылау үшін қажет болады.

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.