Құрметті біздің сайттың қолданушылары!
Біздің сайттан онлайн брондау және сатып алу Сіздің тарапыңыздан айтарлықтай сенімділікті талап ететінін біз түсінеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Сіздің жеке ақпаратыңыздың қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз етуді ең жоғарғы міндет деп білеміз. Өтініш, сайтпен жұмыс жасауды бастамас бұрын біздің құпиялық саясатымызбен танысыңыз. Біздің сайтқа кіре отырып, Сіз осы құжатта сипатталатын ережелерді қабылдайсыз.
Біз қандай ақпараттарды жинақтаймыз
Біз тек Сіздің рұқсатыңызбен, брондау және сатып алу кезінде кез-келген байланыс каналдары бойынша (әдетте, бұл интернет және/немесе телефон) өзіңіздің ендірген, тапсырысты рәсімдеуге қажетті ақпараттарды сақтаймыз. Басқа тұлғалар үшін сатып алар болсаңыз, Сіз алдын-ала осы тұлғалардан олардың жеке ақпаратын бізге беретініңізге рұқсат алуыңыз керек.
Біз сонымен қатар Сіз туралы қосымша ақпаратты біздің іскерлік серіктестерімізден, және де кез- келген басқа да тәуелсіз көздерден де ала аламыз. Осындай ақпараттың мысалы ретінде Сіздің IP мекен-жайыңызды, Сіздің интернет провайдеріңіз бен ұялы байланыс оператырының атауын алуға болады. Бұндай ақпараттардың барлығы автоматты түрде жинақталады. Бұл ақпараттарды жинаудағы біздің негізгі мақсатымыз алаяқтықтың алдын алып, тұтыну интерфейсін жақсарту болып табылады.
Біз ақпаратты қалай пайдаланамыз
Біз Сіз туралы ақпаратты Сіздің алдын-ала сайттан таңдап алған электронды билетіңізді брондау және шығару үшін пайдаланамыз. Барлық үрдіс автоматтандырылған және адамның қатысынсыз жүреді. Біз Сіз туралы ақпаратты келесі мақсаттарда пайдаланамыз: Сізді қызықтыратын өнімдер мен қызметтерді көрсету; сатылымды растау және мүмкін болатын өзгерістерді хабарлау; жүргізілетін акциялар, Сізді қызықтыруы мүмкін жаңа өнімдер мен қызметтер туралы хабарлау; мүмкін болатын келеңсіздіктерді шешу; қолайсыздықтарды жою; потенциалды тыйым салынған және заңсыз іс- әрекеттердің алдын-алу; сайтты пайдалану Ережелерін сақтау.
Біз ақпаратты кіммен бөлісеміз
Біз ақпаратты бере аламыз:
- сот органдарының талабы негізінде, сонымен қатар біздің заңды құқығымызды дәлелдеу немесе жүзеге асыру мақсатында;
- біз ақпарат беруді заңсыз немесе үшінші жақтың заңсыз болуы мүмкін іс-әрекеті тұрғысынан шара қолдану немесе тоқтату, тергеу үшін қажетті деп тапқан жағдайда;
- біздің тұтынушылар немесе басқа да тұлғалардың қауіпсіздігі, құқығы мен жеке меншігін қорғау және жақтау үшін;
- бірігу, консолидация немес активтерді сату секілді корпоративті келісімдер жасағанда.
Біз үшінші жақпен, жарнама берушілер мен инвесторларды қоса алғанда, біріккен немесе анонимді (жеке емес) ақпараттарды бөлісуге құқылымыз. Мысалы, біз өзіміздің жарнама берушілерімізге біздің сайтты тұтынушылардың санын айта аламыз. Бұл ақпаратта ешқандай да жеке ақпарат жоқ және жаңа өнімдер мен қызметтерді жетілдіру үшін пайдаланылады, біз оларды қуана-қуана Сіздердің назарыңызға ұсынамыз!
Біз ақпаратты қалай қорғаймыз
Біз сайтты пайдаланған кезде Сіздің қорғаулы, сенімді және ыңғайлы сезінгеніңізді қалаймыз. Ол үшін біз Сіздің бізге берген жеке ақпаратыңызды қорғау үшін қауіпсіздіктің әкімшілік, техникалық және физикалық шараларын ендірдік және сәйкесінше пайдаланамыз:
- барлық жеке ақпарат шифр түрінде сақталады;
- біз шифрды Сіздің жеке мәліметтеріңізді біздің сервер мен Сіздің браузеріңіз арасында жіберген кезде пайдаланамыз;
- біз антивирус пен жеке ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуді тоқтатуға мүмкіндік беретін басып кірулерді табу жүйесін пайдаланамыз;
- барлық ақпарат біздің барлық серверлер мен орталықтандырылған деректер базасы орналасқан Қазақстан аумағында сертификатталған провайдерлерде сақталып, өңделеді.
Сыртқы сілтемелер
Егер біздің сайттың қандай да бір бөлігінде басқа сайттарға сілтеме болса, онда басқа сайттардың осы құпиялық саясатқа сәйкес жұмыс жасамайтынын ескеру керек. Біз Сізге осы сайттардың құпиялық саясаттарын оларды пайдаланбас бұрын тексеріп алуға кеңес береміз.
Құпиялық саясаттағы өзгерістер
Бұл саясатты біз болашақта жаңарта аламыз. Біз міндетті түрде құпиялық саясаттағы өзгерістер туралы Сіздің тіркеу барысында берген электронды мекен-жайыңызға сәйкес хабарлама жіберу немесе біздің сайтқа хабарлама ілу арқылы хабар береміз.
Бұл құпиялық саясат 2017 жылдың 20 маусымынан бастап күшіне енеді.