Жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелері

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерінің
Үзінді көшірмесі

Автобус, микроавтобусқа отырғызу кезінде жолаушының жол жүру құжаты (билеті) тексеріледі. Автовокзалдар, автобекеттерде отырғызу кезекшісі тексеріс жүргізеді, ал ондай кезекші болмайтын аялдамалық пункттерде жүргізушілер немесе бақылаушылар тексереді.

Ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарында жол жүру, жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдау билеті тек онда көрсетілген күн мен рейс нөмірі үшін жарамды болып табылады.

Жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерін) барлық жол жүру уақытында сақтап отырады және заңнамаға сәйкес бақылау жүргізуге құқылы тұлғалардың бірінші талап етуі бойынша көрсетеді.

Жолаушы билетте көрсетілген нөмір бойынша автобустан орын алады. Тасымалдау барысында автобуста отыру орындарының санынан артық жолаушыларды алып жүруге тыйым салынады.

Ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарында жол жүру, жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдау кезінде тыйым салынады:

  1. жол жүру құжаттарына түзетулер енгізуге;
  2. автобус, микроавтобус салонында жүк алып жүруге;
  3. шылым шегуге, қоқыс тастауға, спирттік ішімдіктер ішуге;
  4. жүргізушіні әңгімеге бұрмалауға, сонымен қатар автобус қозғалысы кезінде салон бойымен жүруге;
  5. өртке қауіпті, жарылғыш, улағыш, оңай тұтанатын, улы, күйдіргіш және иісті заттарды, қапсыз атыс қаруын және жолдама құжаттарды, сонымен қатар жолаушыларға немесе құрылғыларға, не болмаса автобус салонының жабдықтарына зиян келтіретін (ластау немесе зақымдау) бұйымдар мен заттарды алып жүруге.


Қол жүгі мен жол жүгін алып жүру

Ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты маршруттарында, жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдау кезінде автобус салонында жолаушыларға өлшемі 60х40х20 см және салмағы 35 кг аспайтын бір қол жүгін, және ұсақ жануарлар мен құстарды торда тегін алып жүруге рұқсат етіледі.

Қол жүгін қаптау және тасымалдау басқа жолаушылар мен автобус салонының жабдықтарына ешқандай да зиян (ластау немесе зақымдау) келтірмеуі керек.

Жолаушыларға автобустың жүк бөлімінде әрбір жол жүгінің орнына отырғызу пунктінен жеткізу пунктіне дейін алып жүруге бекітілген бағаға сәйкес ақысын төлеу арқылы жол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі.

Жүк ақаусыз қаптамамен тапсырылады. Тасымалдауаға қабылданған жүк үшін жолаушыға жүк квитанциясы беріледі.

Жүктің жоғалуы, жетіспеуі немесе зақымдануы (бұзылуы) орын алған жағдайда жүк иесінің, тасымалдаушы өкілі немесе жүргізушінің және құқық қорғау органдарының қызметкері немесе жергілікті атқару органдары өкілінің қатысуымен екі дана акт жасалады.

Актте жүк иесінің тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы, қабылданған және берілген орындар саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдану сипаты, егер ол құжат жүзінде рәсімделген болса, оның қойылған құнының сомасы көрсетіледі.

Акттің бір данасы жүк иесіне беріледі.

Тасымалдауға қабылданған жүк тасымалдаушы мойындаған жағдайда немесе бұл жүк тасымалдаудың жеткізу пунктіне жеткізу уақыты өткеннен 7 күтізбелік күн ішінде келмеген жағдайда шығындалған болып есептеледі.

Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктің жоғалуына, жетіспеуіне және зақымдануына (бұзылуына) жауапты.

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.