Автобустың электронды билетін қайтару
Егер сіз біздің сайттан Visa, MasterCard немесе AmericanExpress төлем және кредиттік карталары көмегімен автобусқа билет алған болсаңыз және маршрут жөнелтілмес бұрын билетті қайтаруды шешсеңіз, онда сізге электронды билетті қайтарудың келесі қадамдарын жасау керек:
- Жеке кабинетке кіру. Ол үшін сайттың басты парақшасындағы жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «Кіру» мәзірін таңдау керек.
- «Тапсырыстар мен брондар» кестесінен тапсырысты жоюға қажеттіні табыңыз.
- «Тапсырысты жою» дегенді таңдаңыз.
Ақша төлем ақысы төленген банк картасына қайтарылатын болады.
Қайтарылым көлемі жол құжаттарын қайтару ережелері мен шарттарына сәйкес есептеледі.
Алынған билетті ауыстыру
Егер автобус билетін біздің сайттан Visa, MasterCard немесе AmericanExpress төлем карталары арқылы онлайн алған болсаңыз, онда сізге «Электронды билетті қайтару» мәзіріне өту керек. Содан кейін Сіз маршрутты іздеу және оны брондау әрекеттерін орындай аласыз.
Назар аударыңыз: Visa, MasterCard немесе AmericanExpress төлем жүйесі арқылы алынған билеттерді қайтарған кезде, олардың ақысы бірден қайтарылмайды. Төлем карталарына ақшаны қайтару уақыты бірнеше күнге созылуы мүмкін. Қайтару шарты мен уақыты сатып алушының төлем картасына қызмет көрсететін банкке байланысты болады.
Егер билетті терминал арқылы немесе Семей қаласының автовокзалы кассасынан алсаңыз, онда сіз кассаға жеке куәлігіңіз бен билетті көрсетуіңіз керек.
Билетті қайтару реті мен шарттары
Билетті автобус жүрмес бұрын қайтарған жағдайда, кейбір қарастырылған ережелерден басқа жағдайда билетке төленген ақша қайтарылады.
Рейске кешіккен жағдайда билетті автовокзал кассасына 3 күн ішінде қайтару керек, бұл кезде Сізге билет бағасының 70% сомасы қайтарылады.
Рейс форс-мажорлық жағдайларға (климаттық, техникалық) байланысты кейінге қалдырылса, Сізге кейбір қарастырылған ережелерден басқа жағдайда билеттің толық бағасы қайтарылады.