Халықаралық маршруттағы австобус билетін сатып алғанда, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету керек.
Халықаралық маршруттағы автобустарда балаларды алып жүру ережелері:
- Кәмелетке толмаған балалардың жол жүруі тек туу туралы куәліктің түпнұсқасы болса ғана жүзеге асырылады.
- Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасынан өту үшін ҚР және РФ азаматтары ішкі төлқұжаттарын қолданады:
- ҚР азаматының жеке куәлігі;
- РФ азаматының төлқұжаты;
- 14 жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған РФ азаматтарының туу туралы куәлігі;
- 16 жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған ҚР азаматтарының туу туралы куәлігі.
- Егер кәмелет жасқа толмаған бала ата-ананың, асырап алушы, қамқоршы немесе тәрбиелеушінің қарауынсыз шекарадан өтетін болса, онда жеке куәліктен басқа ата-ананың, қамқоршы немесе тәрбиелеушінің атынан шығу уақыты мен баратын мемлекеттің (мемлекеттердің) аты көрсетілген нотариуспен расталған рұқсат қағаз да керек болады.
- Кәмелетке толмаған баланы ҚР мемлекеттік шекрасынан ата-анасының біреуі алып жүрсе, баланың шығуына келіспеу туралы арыз түспеген болса, екінші ата-ананың рұқсаты қажет болмайды.
- Егер балалармен бірге сапарға шыққан жолаушылар олардың ата- анасы болмаса, жеке куәліктен басқа нотариуспен расталған, шығу уақыты мен баратын мемлекеті (мемлекеттер) көрсетілген балаларды алып шығуға сенімхат болуы керек.
- Ата-ананың, асырап алушының, қамқоршы немесе тәрбиелеушінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмаған балалар тобымен ұйымдастырылған сапарларда заңды тұлға міндеттерін сапарға шыққан топтың жетекшілері (алып жүрушімен (топ жетекшісімен) бірге баланың шығуына нотариуспен расталған рұқсат керек) алады.
- Кәмелетке толмаған РФ азаматы 14 жасқа дейін туу туралы куәлік арқылы ҚР шекарасына өте алады. 14 жастан жоғары балалар РФ азаматының төлқұжаты арқылы шығады.
Шекарадан өту ережелеріне сәйкес құжаттар туралы толық ақпаратты Сіз миграциялық қызмет, кеден және шекараны бақылау орандарынан ала аласыз.