Сұрақ-жауап

Бізбен қалай байланысуға болады?

Жол жүру сызбасы мен басқа да мәліметтерді Сіз байланыс парақшасынан таба аласыз.


Брондалған автобус билетін қандай жолдармен төлеуге болады?

Брондалған автобус билетінің ақысын біздің сайттағы жеке кабинетіңізге кіріп, төлеу тәсілдерінің бірін таңдау арқылы төлеуге болады. VISA және MasterCard банк карталары арқылы төлеуге мүмкіндік бар.
Біз қолданушылардың банк карталарының реквезиттерін сақтамаймыз, бұл біздің сайттан онлайн билет тапсырыстарына төлем жүргізгенде толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.


Билеттерді қайтару әрекеттері қандай?

Билеттерді қайтару туралы толық ақпарат Билеттерді қайтару бөлімінде болады


Электронды билет дегеніміз не?

Электронды билет – бұл дәстүрлі қағаз билеттердің орнына компанияның деректер базасында цифрлық жазбалар түрінде ұсынылатын билет түрі. Электронды билеттті рәсімдеген кезде жолаушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтері керек болады, олар бірден компанияға жіберіледі. Электронды билетті ғаламторға қосылған әлемнің кез-келген нүктесінен брондап, төлеуге болады.


Мен билетті қаншалықты ұзақ мерзімде сатып ала аламын?

Билетті қажетті уақыттан 30 күн бұрын алуға болады.


Билетті қайтарған кезде қанша сома ұстап қалады?

Егер рейс автовокзал тарапынан кейінге қалдырылса – онда билеттің толық құны қайтарылады.
Басқа жағдайларда: Рейс жүргенге дейін – 3 күннің ішінде тек комиссия ұсталады, жүріп кеткеннен кейін – билет құнының 30%-ы және комиссия ұсталады, жүргеннен 3 күннен кейін – билет құнының 100% ұсталады.


Билетті брондау үшін қандай құжаттар керек?

Қазақстан бойынша жол жүру үшін брондауға жеке куәлік, ішкі төлқұжат немесе баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін енгізу керек. Жеке және төлқұжат мәліметтерін ендірген кезде өте сақ болыңыз: ақысы төленгеннен кейін өздігіңізден қатені жөндеуге мүмкіндік болмайды. Егер Сіз қате жіберсеңіз – байланыс бөлімі арқылы бізбен байланысыңыз.


Жолаушының аты немесе құжатында қателер болса, не істеу керек?

Төлқұжаттағы мәліметтер билеттегі мәліметтермен сәйкес келуі керек, болмаса сізді рейске жібермейді. Төлқұжат нөмірінен қате кетпеуі керек. Егер брондауда қате кетсе, жағдайды шешу үшін біздің қолдау қызметімен барынша тез байланысу керек.


Билетті сатып аларда байланыс ақпараттарын (телефон, email) не үшін қалдырады?

Байланыс ақпараттары бізге автовокзал рейсті кейінгі қалдырған жағдайда немесе жүру уақыты мен күнін ауыстырған кезде сатып алушымен оперативті байланыса алу үшін қажет. Брондау кезінде көрсетілген электронды мекен-жайға Сіз тапсырысыңыздың барысы туралы хабарламаларды алып отырасыз.


Брондау барысында сұрақтар немесе мәселелер туындаса, қайда жолығу керек?

Біздің анықтама қызметіне жолығыңыз, бізге avtovokzal-semey@mail.ru мекен-жайына хат жолдаңыз.


Билеттерді қаншалықты ұзақ брондауға болады?

Қазір билеттерді брондау тек Семей автовокзалы рейстеріне ғана жүріп жатыр. Қазіргі таңда брондаудың келесі ережелерін ұстану керек: Билет жүргенге 30 күн қалғанда брондалады, және де рейс жүргенге бір күн қалғанда брон автоматты түрде күшін жояды.


Егер мен бронды уақытында төлей алмасам, не істеуім керек?

Өкінішке орай, брондау уақытын созу мүмкін емес. Брондау ережелеріне сәйкес брон автоматты түрде жүруге бір күн қалғанда күшін жояды.


Билетті электронды төлем жүйелері арқылы қалай төлеуге болады?

ДТөлем карталары арқылы төлеу үшін avtovokzalsemey.kz/ сайтында жеке кабинетте «Төлеу» батырмасын басып, төлеудің сәйкес тәсілін таңдау керек.


Автовокзалға қандай құжаттарды өзіммен бірге алып жүруім керек?

Брондау кезінде жолаушы туралы мәліметтер автовокзалға жіберіледі, сондықтан да сізге билеттерді брондау кезінде көрсетілген жеке куәлікті алып жүру керек. Балалармен бірге саяхаттаған кезде баланың жеке басын және тууын куәландыратын (туу туралы куәлік, шығуға рұқсат және т.б.) құжаттар қажет.


Менің броным мен тапсырысымның статусын қалай тексеруге болады?

Біздің сайттағы жеке кабинеттен брон статусын тексеруге және электронды билетті шығарып алуға болады. Ол үшін сізге сайттың жоғарғы оң жақ бқрышындағы «Кіру» нүктесін басып, сосын Сіздің email мен тіркелу кезіндегі электронды мекен-жайға жіберілген құпия сөзді теру керек.


Балалар билетін брондау үшін қандай құжаттар керек?

Балалар билетін брондау үшін туу туралы куәлік немесе шетелге шығу төлқұжаты (шетелге шығатын болса) керек. Туу туралы куәлік бойынша балалар билетін брондаған кезде, тек оның нөмірін (сериясыз) ендіру керек.
Егер бала ата-ана төлқұжатына тіркелген болса, онда туыстықты растау үшін туу туралы куәлікті алып жүру керек. Егер бала асыранды немесе қамқорлыққа алынған болса, онда асырау/қамқорлыққа алу туралы құжаттар керек.

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.