Сақтау камерасы

Жұмыс уақыты: 7-00-ден 22-00-ге дейін

  • Сақтау үшін ақы жүкті сақтауға алған күн мен камерадан алған күнді қоса алғанда әрбір күнтізбелік күн үшін төленеді және мынаны құрайды:
    • жүк орнының параметрлерінен аспайтын жүкті сақтау үшін – әрбір жүк орына 100 теңге
    • габаритті заттарды сақтау үшін бағаны сақтау камерасынан нақтылау керек, ол өзгеріп отырады
  • Әрбір келесі күнтізбелік сақтау күні үшін әрбір жүк орнына бекітілген тарифке сәйкес төлем алынады. Күн сағат 22:00 –де аяқталады, күннің бір бөлігі толық күн болып есептеледі.
  • Бір жүк орнының параметрлерінен асып түсетін жүкті сақтауға бергенде, әрбір жүк орны үшін жеке төлем алынады.
  • Сақтауға зақымданбаған қаптамадағы жүк қабылданады, тізімдемесі жасалады.
  • Өзінің қасиеттері бойынша басқа жолаушылардың заттарын ластап немесе зиянын тигізетін заттар, сонымен қатар өртке қауіпті, жарылғыш, улағыш, улы, күйдіргіш және иісті заттар сақтауға қабылданбайды.
  • Сақтау камерасы сақтауға тапсырылған өнімдердің табиғи бұзылысына жауапты емес.
  • Жүк талонын жоғалтқан жағдайда, 1000 тг айыппұл қарастырылған, сақтауға қабылданған жүк тапсырылған жүктің оған тиесілі екенін дәлелдеу арқылы, жазбаша өтініш бойынша иесіне беріледі. Онымен қоса, жеке куәліктің болуы міндетті болып табылады.
  • Алынбаған жүк сақтау камерасында алты ай бойы сақталады. Аталған мерзім өткеннен кейін алынбаған жүк жойылады.

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.