Тасымалдау және басқа қызметтерді брондау, ресімдеу және сату қызметтерін көрсету жария оферта шарты

Өтеулі қызметтер көрсетудің жария шарты

Осы Жария шарт (бұдан әрі мәтінде «Шарт») бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Семей – Автовокзал» ЖШС атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор Омарбеков Р.А. және осы Шартты жасасу туралы жария ұсынысты (офертаны) қабылдаған (құптаған), бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын көрсетілетін қызметтерді тұтынушы арасындағы ғаламтор ресурсы арқылы жол жүру құжатын (бұдан әрі мәтінде «Билет») брондау және сату қызметтерін ұсыну тәртібін анықтайды.


1. ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АНЫҚТАМАЛАР.

1.1.Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесі мағынада пайдаланылады:

Офертаны құптау – Билеттерді брондау және сатып алу қызметтерін ресімдеу үшін Орындаушының веб-сайтын пайдалану ниетін білдіретін Тапсырыс берушінің іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы оферта шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдауы

Веб-сайт – көрнекі түрде еркін танысу үшін ашық, көпшілікке қолжетімді, Орындаушыға тиесілі, www.avpv.kz мекенжайы бойынша Ғаламтор желісінде орналасқан ресурс, ол арқылы рейстердің кестесі, тарифтер және тасу ақысы, алымдар, тасымалдау және қызметтердің басқа түрлерін көрсету бойынша орындардың бар жоқтығы туралы ақпараттың көрсетілуі қамтамасыз етіледі.

Оферта шарты – Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында офертаны құптау арқылы жасалатын, тасымалдауларды брондау, ресімдеу және сату қызметтерін көрсету шарты

Тапсырыс беруші – офертаны құптауды жүзеге асырған және осы арқылы жасасқан оферта шарты бойынша Кәсіпорын қызметтеріне Тапсырыс беруші.

Тапсырыс – Тапсырыс берушінің веб-сайтта таңдаған көрсетілетін қызметтерді алуға тиісті түрде ресімдеген сұранысы.

Оферта – Ғаламтор желісінде http://www.avtovokzalsemey.kz/ мекенжайы бойынша жарияланған «Тасымалдау және басқа қызметтерді брондау, ресімдеу және сату қызметтерін көрсету жария оферта шарты» атты осы құжат.

Пайдаланушы – әрекетке қабілетті, 18 жасқа толған, Кәсіпорынмен шарттық қатынасқа тұруға заңды құқығы бар жеке тұлға.

Бағанама – веб-сайтта жарияланатын Кәсіпорын қызметтерінің бағалары көрсетілген, қолданыстағы жүйеленген тізілімі.

Қолдау қызметі – күнделікті түсіп жатқан Тапсырыстарды бақылайтын және avtovokzal-semey@mail.ru электронды поштасы арқылы Пайдаланушылармен кері байланыс жасап тұратын Орындаушының арнайы бөлімі.


2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Орындаушы осы офертаның шарттарына сәйкес Тапсырыс берушіге тасымалдау және басқа қызметтерді брондау, ресімдеу және сату бойынша (бұдан әрі мәтінде «Қызметтер») қызметтерді көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы Шартта анықталған тәртіп пен талаптар бойынша қызметтерді төлеуге міндеттенеді.


3. ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ

3.1. Осы Шарт жария шарт болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 387-бабының 1-тармағы), осыған сәйкес Орындаушы өзіне Қызметерді көрсету бойынша міндеттеме алады, оны сондай Кәсіпорын (ұйым) өз қызметінің сипатына қарай әрбір жүгінгенге қатысты жүзеге асыруы тиіс.

3.2. Осы Шартты http://www.avtovokzalsemey.kz/ мекенжайы бойынша сайтта орналастыру, Орындаушының анықталмаған тұлғалар тобына осы Шартты жасасуға бағытталған (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-397 баптары) жария ұсынысы (офертасы) болып табылады.

3.3. Осы Шарттың жасалуы Тапсырыс берушінің осы Шартқа қосылуы жолымен, яғни Тапсырыс берушінің Осы Шарт талаптарын тұтастай, қандай да бір шартсыз, алып тастауларсыз және ескертулерсіз (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабы, 393-бабының 1-тармағы) қабылдауы (құптауы) арқылы жүзеге асады.

3.4. Тапсырыс берушінің осы Шарт талаптарымен танысу, Тапсырыс берушіде төленбеген тапсырыстардың болмау фактісі осы Шарт талаптарын қабылдау (құптау) фактісі болып табылады.

3.5. Орындаушының веб-сайтындағы брондау диалогының рейс таңдау қадамында белгі қою арқылы Тапсырыс беруші оның шарттарымен келісетінін мақұлдаған сәттен бастап, осы жария оферта шарты жасалған болып саналады, содан кейін жария оферта шарты Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы ресми өзара қарым-қатынастың базалық құжаты саналады.

3.6. http://avtovokzalsemey.kz/ Ғаламтор ресурсы арқылы электронды билетті төлеген күн шарт жасасу уақыты болып табылады.


4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


4.1. ОРЫНДАУШЫ:

4.1.1. http://avtovokzalsemey.kz/ Ғаламтор ресурсы арқылы орталықтандырылған билеттер сату жүйесіне қосылған және электронды билеттерді сату бойынша Орындаушымен келісімді міндеттемелері бар жолаушылар терминалдары (автокассалар, автобекеттер, автовокзалдар және басқа) туралы ақпаратты Тапсырыс берушіге ұсынуға;

4.1.2. http://avtovokzalsemey.kz/ Ғаламтор ресурсы беттерінде автомобиль көлігінің қозғалыс кестесі және көлік құралында бос орындардың бар жоқтығы туралы ақпаратты Тапсырыс берушіге ұсынуға;

4.1.3. Тапсырысты төлеу уақытында көлік құралындағы бос орындарды уақытша резервтеуді жүзеге асыруға;

4.1.4. Төлем жүйесі үшін қажет ақпаратты (кодты) беріп, төлем жүйелеріне рұқсат беруге;

4.1.5. Тапсырыс берушінің электронды мекенжайына электронды билетті жеткізуді жүзеге асыруға. Тапсырыс берушінің электронды мекенжайына тапсырысты төлеу туралы хабарламаны жіберу, жеткізу фактісі саналады;

4.1.6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушіден тіркеу кезінде алған ақпаратының құпиялығын сақтауға міндеттенеді;

4.1.7. Орындаушы форс-мажорлық жағдайлар туындағанда Қызметтерді орындамау құқығын өзіне қалдырады.


4.2. ОРЫНДАУШЫ::

4.2.1. Осы Шартты және қызметтер тарифін http://avtovokzalsemey.kz/ ресурсында орналастырып, біржақты тәртіпте өзгертуге;

4.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға, сондай-ақ осы Шартта қарастырылған Қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға;

4.2.3. Қажет жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға;

4.2.4. Осы Шарт талаптары бұзылғанда қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.


4.3. ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

4.3.1. Осы Шартты жасасқанған дейін http://avtovokzalsemey.kz/ веб-сайтында оның мазмұнымен және Орындаушы ұсынатын шарттармен танысуға;

4.3.2. Аталған қызметті көрсету бойынша Шарт талаптарын сақтауға;

4.3.3. Орындаушының қызметтерін уақтылы төлеуге міндеттенеді.


4.4. ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

4.4.1. Шартқа сәйкес Орындаушыдан қызметтерді көрсетуді талап етуге құқылы.


5. ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТӨЛЕУ ҚҰНЫ, ТӘРТІБІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ

5.1. Осы Шарт бойынша электронды билетті сату қызметтерінің құны Орындаушының Тарифтеріне сәйкес анықталады және Тапсырыс беруші қызметтерді көрсету фактісі бойынша төлейді.

5.2. Осы Шарт шеңберінде Тапсырыс беруші Қызметтерді төлеуді Қазақстан Республикасында айналымға рұқсат етілген электронды ақша қаражатын, арнайы осы мақсаттар үшін көрсетілген Орындаушының электронды әмияндарына қолма қол ақшасыз аударым арқылы жүргізуі мүмкін.

5.3. Электронды төлемдерді жүргізу тәртібі, қажет деректемелер және тапсырыс берілген Қызметтерді төлеу қабылданатын Орындаушының электронды әмияндарының нөмірлері Орындаушының http://avtovokzalsemey.kz/ мекенжайы бойынша ресми сайтында көрсетіледі.

5.3. Жол ақысы құнын қайтару Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін автомобильмен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес, жеке басты куәландыратын және төлем фактісін растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.

5.4. Электронды билетті сату бойынша қызметтің құны қайтаруға жатпайды.


6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Қызметтерге қолжетім жүзеге асатын ортақ пайдаланатын байланыс арналарының сапасы осы Шарт тараптарының жауапкершілігі шекарасынан тыс жерде орналасқан.

6.2. Тапсырыс берушіге сапалы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету үшін Орындаушы қолынан келгеннің бәрін жасайды.

6.3. Тапсырыс беруші таңдаған уақытта көлік құралында бос орындардың болмауы себептері бойынша Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мүмкін еместігі үшін Орындаушы жауапкершілікке тартылмайды.

6.4. Орындаушы тасымалдаушы ұсынатын қызметтердің сапасы үшін жауапкершілікке тартылмайды.

6.5. Тараптар 7.1-7.2.6.6- тармақтарда көрсетілген форс-мажорлық жағдайлар тежеусіз күш әрекеті уақытында Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Осы Шарт бойынша немесе соған байланысты Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер, Тапсырыс беруші тіркелу кезінде көрсеткен жеке деректерді қолданумен тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

6.7. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкесу шартымен Орындаушының төңіректік нормативтік құжаттарымен шешіледі.


7. ДҮЛЕЙ КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ

7.1. Осы Шартты жасасқаннан соң, Тараптар болжай да, жүйелі шаралармен тоқтата да алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде туындаған дүлей күш жағдайлары (форс-мажор) салдарының әрекеті болған жағдайда, Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін жартылай немесе толық емес орындағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

Дүлей күш жағдайларына Тараптардың әсер ету аясынан тыс жерде орналасқан соғыс, көтеріліс, ереуіл, зілзала, су тасқыны, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайы немесе басқа табиғи апаттар, үкімет қаулылары, мемлекетті органдардың және лауазымды тұлғалардың өкімдері (жарлықтары), осы Шартты құптаудан кейін қабылданған және міндеттемелердің орындалуын мүмкін емес қылатын құзіретті органдардың заңдары және өзге нормативтік актілері, сондай-ақ осы Шарт талаптарының орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік немесе жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарының немесе олардың өкілдерінің әрекеттері және басқа да болжанбайтын жағдайлар, соның ішінде қаланың электр желісіндегі ақаулар, Ғаламтор желісінің транзиттік тораптарындағы техникалық мәселелер және басқа да мәліметтер тарату желілерінің қызметіндегі бұзылулар секілді, бірақ көрсетілгендермен шектелмей, Тарап әсер ете алмайтын және туындағаны үшін жауапкершілік тартпайтын оқиғалар кіреді.

7.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін дүлей күш әсері туындаған жағдайда, Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі аталған жағдайлардың әрекет ету, сондай-ақ олардың салдарын жою үшін талап етілетін, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақытқа парапар ауыстырылады.

7.4. Егер дүлей күш жағдайлары 24 сағаттан аса әрекет етіп жатса, болмаса олар туындаған кезде мерзімнен көбірек уақыт әрекет ететіні Тараптарға түсінікті болғанда, Тараптар осы Шартты орындаудың баламалы тәсілдерінің мүмкіндігін немесе шығындарды өтемей-ақ тоқтатуды талқылауға міндеттенеді.


8. ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР

8.1. Тараптар байланыс арналары (электронды пошта) бойынша алған құжаттар мәтінінің қағаз тасығышта орындалған қарапайым қағаз нұсқасына тең заңды күшін сөзсіз мойындайтынына келіседі, осы Шарт талаптарының күшіне орай қағаз тасығышқа құжаттарды ресімдеу міндетті болып табылатын жағдайлардан басқасы.

8.2. Тараптар осы Шартта Тараптардың деректемелері ретінде көрсетілген электронды пошта мекенжайларына түскен барлық хат алмасу, хабарламалар мен ескертпелерді тиісті түрде адресатқа жеткізілген болып саналатынына сөзсіз келіседі.

8.3. Тараптар өз электронды пошта мекенжайларына түсетін хаттарды уақытылы тексеруге міндетті.


9. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ

9.1. Шарт жасасқан күнінен бастап күшіне енеді (3.6-тармақ) және тараптар өз міндеттемелерін орындаған сәтке дейін әрекет етеді.


10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

10.1. Тараптар осы Шартқа байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

10.2. Егер Тараптар осы Шарттың 10.1-тармағында белгіленген тәртіпте осы Шарттан туындайтын, соның ішінде оны жасауға, өзгертуге, бұзуға, орындауға, күші жоқтығына байланысты барлық даулы мәселелерді шеше алмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешуге жатады.


11. ӨЗГЕ ШАРТТАР

11.1. Осы Шарт Орындаушының офисі орналасқан мекенжай бойынша жасалғанына Тараптар сөзсіз келіседі.

11.2. Осы Шартты жасаса отырып, Тапсырыс беруші:

11.2.1. оның мәліметтерінше Деректерінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтінін және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзбайтынын;

11.2.2. Қызметтерді ұсынуға тапсырыс ресімдеу барысында берген ақпарат толық, шын және нақты болып табылатынын;

11.2.3. Қызметтерді ұсынуға тапсырыс ресімдеу барысында ұсынған ақпараттың бір бөлігі Қазақстан Республикасы заңнамасының қойылатын талаптарына байланысты үшінші тұлғаларға қолжетімді болуы мүмкін екенін түсінетінін және келісетінін мәлімдейді.

11.3. Егер осы Шарттың қандай да бір талабы заңды күшін жоғалтса, заңсыз деп танылса немесе осы Шарттан шығарылса, ол осы Шарттың өзге талаптарының жарамсыздығына әкелмейді, олар заңды күшін сақтайды және барлық Тараптар орындауға міндетті болып табылады.

11.4. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкесу шартымен Орындаушының төңіректік нормативтік құжаттарымен шешіледі.


12. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

12.1. Тараптар Қызметтерді ұсынуға тапсырыс ресімдеу барысында көрсетілген ақпаратты, Тапсырыс берушінің деректемелері ретінде санауға сөзсіз келіседі.

12.2. Кәсіпорынның деректемелері:
"Семей-Автовокзал" ЖШС
071400 Семей қ., Ш. Уалиханов көш., 167
БСН 130140011583
Есептесу шоты KZ979470398990303589
«АЛЬФА-БАНК» ЕБ АҚ
БСК ALFAKZKA

Жаңалықтар

Автовокзалдар мен автостанциялар қызметіне қандай баға бересіз?

Результаты

Как Вы оцениваете сервис автовокзалов и автостанций?

Результаты

Автобусқа билеттерді Қазақстанның кез-келген нүктесінен мына телефон бойынша брондаңыз:

8 (800) 080-47-48

Семей қаласының тұрғындары үшін билеттерді үйге жеткізу мүмкіндігі бар.